Неге ерлер мен әйелдерде Альцгеймер белгілері әртүрлі болады? Маман пікірі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда 1500 адамға ресми түрде Альцгеймер диагнозы қойылған.

Лондондағы Паташлық колледжі мен Мария патшайым атындағы Лондон университетінің ғалымдары Альцгеймер ауруы әйелдер мен ерлерде әртүрлі биологиялық ерекшеліктермен дамитынын анықтады. Зерттеу кезінде аурудың ерте кезеңінде әйелдерде омега-май қышқылдарының жетіспеушілігі байқалса, ер адамдарда мұндай өзгерістер анықталмаған.

Зерттеуге дені сау еріктілер мен Альцгеймер ауруы немесе жеңіл когнитивті ақаулары бар науқастарды қоса алғанда, 841 адам қатысқан. Оның ішінде 491 әйел және 350 ер адам болды. Басқа психикалық немесе неврологиялық ауруы бар адамдар зерттеу тобына енгізілген жоқ.

Ғалымдар липидтерге  жасуша мембраналарының құрылымы мен жүйке жүйесінің жұмысына жауап беретін майлы қосылыстарға ерекше назар аударды. Бұл заттар пайдалы (қанықпаған май қышқылдары) және зиянды (қаныққан және трансмайлар) болып бөлінеді. Масс-спектрометрия әдісінің көмегімен зерттеушілер 700-ге жуық түрлі липидті талдаған. Липидтер ағзадағы зат алмасу мен қабыну процестеріне әсер етеді.


Оқи отырыңыз: "Зертханасыз ғылым дамымайды". Жантақтан Альцгеймердің алдын алатын дәрі жасап жатқан ғалымның ойлары


Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Альцгеймермен ауыратын әйелдердің ағзасында қанықпаған майлардың, соның ішінде омега-3 май қышқылдарының деңгейі дені сау әйелдермен салыстырғанда едәуір төмен болған. Ал ер адамдарда мұндай айырмашылық байқалмаған. Ғалымдардың пайымдауынша, липидтік өзгерістер – аурудың әйелдердегі ағымының айрықша ерекшелігі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, Альцгеймер – деменцияның ең кең таралған түрі, оның үлесіне деменция жағдайларының 60-70%-ы тиесілі. Қазақстанда қазіргі таңда шамамен 10 мың адамда деменция бар болса, 1 500-ге жуық Альцгеймер ауруы ресми түрде тіркелген. Алайда мамандардың айтуынша, шынайы көрсеткіш 20 есе жоғары болуы мүмкін, өйткені көптеген науқастар диагноз қойылмастан өмір сүріп жатыр. 

"Ұлыбританиялық әріптестеріміздің зерттеуі Альцгеймер ауруын гендерлік тұрғыда зерттеудің маңызын көрсетеді. Әйелдер үшін омега-3 май қышқылдарының жетіспеушілігі қосымша қауіп факторы болуы мүмкін. Сондықтан тамақтануды реттеу мен қан құрамындағы липидтер деңгейін бақылау – аурудың алдын алу шаралары ретінде қарастырылуы тиіс," – деді ҚазҰМУ профессоры, "Денсаулық" ұлттық қауымдастығының сарапшысы Сағат Алтынбеков. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз