Салаға жас мамандарды тарту үшін қандай шаралар жасалып жатыр?
Археология ғылымы динамикалық түрде дамып жатыр. Алайда бізге көп жастар келмейді, деп мәлімдеді Әлкей Марғұлан атындағы археология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Талғат Мамыров.
"Өйткені, археология – бір жағынан қызық болып көрінгенімен, өте ауыр мамандық. Біздің жұмыстар тек қана далалық жермен шектелмейді, камералды-лабораториялық жұмыстарға жалғасады. Далалық жұмыстар да өте қиын болады. Көп жағдайда археологиялық ошақтарға бару оңай болмайды, ауа райы жағдайы бар. Басында жастар қызығады да, кейін ғылымның күрделілігін көргенде кете бастайды. Ал осы салада қалған жастар соңына дейін жүреді", – дейді Талғат Мамыров.
Дегенмен институт өкілі жас ғалымдар қатары жаңарып келе жатқанын атап өтті. Ол үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұратынын жеткізді.
"Қазіргі таңда ғылым комитетінің көмегімен жас ғалымдарды тартуға, үйретуге, стажировкаға жіберуге мүмкіндіктер бар. Жиі жобалар жарияланып тұрады. Сонымен қатар мектептермен, университеттермен, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы археологиялық үйімелермен жұмыс істейміз. Жазғы мектептер, конференциялар ұйымдастырылып тұрады", – дейді институт өкілі.
Айта кетейік, бүгін 15 тамыз – археология күні.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
298
-
0
-
3
-
-
2👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
273
-
0
-
1
-
-
3🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
258
-
0
-
11
-
-
4🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
251
-
0
-
5
-
-
5👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
250
-
0
-
5
-
-
6🏙 Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
-
252
-
0
-
2
-
-
7😱 Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
-
257
-
1
-
11
-
-
8🇰🇿 Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін
-
283
-
0
-
5
-
-
9🇰🇿 Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
-
282
-
0
-
2
-
-
10🔌 Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?
-
317
-
0
-
4
-