Тікелей эфир

Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының құны шамамен 200 мың теңгеге өсті

Өткен жылы өсім 30 мың теңге шамасында болған.

Қазақстанда Назарбаев зияткерлік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беретін "Өркен" грантының сомасы көбейеді. Атап айтқанда, грант құны: 

  • студент жатақханада тұратын болса – 3 247 305 (бұрын 3 036 859) теңгені;
  • ал студент жатақханада тұрмайтын болса – 2 349 191 (бұрын 2 150 208) теңгені құрайды. 

Бұл өзгеріс әлі талқылауда болғанымен, ол қабылданған жағдайда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады. 

"Өркен" грантының мәні жыл сайын индекстеледі. Грант құны 2023 жылдың басында да шамамен 30 мың теңгеге өскен болатын. 

Еске салайық, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке сәйкес, 2023-2025 жылдары НЗМ мектептеріне арналған оқу гранттарын тағайындауға 100 млрд теңге шамасында қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Оның ішінде: 

  • 2024 жылы – 33 971 483 мың теңге;
  • 2025 жылы – 33 604 084 мың теңге.

Оқи отырыңыз: Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу грантының сомасы қанша?


 

Серіктестер жаңалықтары