Алматыда 4-9 наурыз аралығында бүгінде дәстүрге айналып үлгерген Almaty Writing Residency шарасы өтеді. Бұл – Алматы ашық әдебиет мектебі мен америкалық International Writing Program бағдарламасының бірлескен жобасы. Жоба 2021 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Биылғы резиденцияның тақырыбы – "Нон-фикшн әдебиет және деректі поэзияның қазақстандық бірегейліктегі ізденісі" болып бекітілген.
Шараға қатысу үшін үміткерлер осы сілтемеде берілген тақырыптардың біріне эссе жазып, 5 ақпанға дейін litshkola@gmail.com электронды мекен-жайына жолдауы тиіс.
"Іріктеуден өткен төрт қазақтілді және төрт орыстілді автор бір апта бойы шығармашылық атмосферада бірлесіп жұмыс істейді. Семинарларға, дөңгелек үстелдерге, көпшілік іс-шараларға қатысады", – делінген жобаның хабарламасында.
Биылғы шараға АҚШ қаламгерлері Кристофер Меррилл, Наташа Дуровичова және польшалық Кшиштоф Хоффман қатысады.
Оқи отырыңыз: "Адам саудасының жылдық айналымы 150 млрд долларға тең". Құқық қорғаушы Шахноза Хасановамен сұхбат