Тікелей эфир

Наурызбай ауданында ашылатын Alem Park барлық жастағы балаларды қамтиды

2021 жылы 50 жобаны жүзеге асыру үшін 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.

2021 жылдың жаз айында Наурызбай ауданы әкімдігі алдында 5 жастан кіші және үлкен балаларды толығымен қамтитын "Әлем" атты саябақ ашылады. Мұнымен қатар, аталған ауданға тағы 2 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дәндібаев.

"Жұмыспен қамту жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 32 жоба іске асырылды. Жалпы 1 750 млрд теңге бөлініп, 785 жұмыс орны құрылды.10 көшеде арық желісі, 9 көшеде тротуар салынды, 5 аула аумағына жөндеу жүргізілді, 5 үйдің қасбеті жөнделді, 5 сквер салынды және 5 жасыл аймақ жайластырылды, 7 мекен-жайда модульді полиция пункттері орнатылды", – деді әкімнің орынбасары. 

Сондай-ақ, Бағлан Дәндібаев 2021 жылы 50 жобаны жүзеге асыру үшін 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінгенін мәлімдеді. Оның ішінде:

  • 14 балалар алаңы;
  • 13 спорт алаңы;
  • 3 скейт алаңы;
  • 1 баскетбол алаңы;
  • 2 футбол алаңы;
  • 1 теннис үстелін орнату қарастырылған;
  • 3 жаяу-серуендеу аймағын, 1 жүгіру жолын жайластыру жоспарда бар.

"Alem Park біздің ауданның нағыз визит картасына айналады. Алматы қаласы күні отбасылық демалыс саябағының жобасы таныстырылды. Бұл саябақ демалыстың әр түріне бағытталған көп функциялы қоғамдық кеңістікке айналады. Наурызбай ауданы әкімдігінің жанында 4,56 га аумақта ескі саябақтың орнында жаңа саябақ салынады. Бүкіл қала тұрғындары мұнда отбасымен және достарымен уақыт өткізуге келіп, жаңа аттракциондарға отырып, аллеяларда серуендеп және таза ауада тамақтана алады. Паркте 44 аттракцион жұмыс жасайды", – деп бөлісті Бағлан Дандыбаев.

Әкім орынбасарының айтуынша, Alem Park – бұл жай ғана саябақ емес, түрлі-түсті шабындықтары, сәулеттік құрылымдары, арқан саябағы, альпинистік қабырғасы, жайлы кафелер және басқа да көптеген ойын-сауықтары бар тұтас қала. Мұнда әр түрлі мастер-класстар, отбасылық жарыстар, балалар кештері, аниматорлардың қатысуымен белсенді ашық ойындар өтеді. Мұнымен қатар, саябаққа 500-ге жуық ағаш отырғызылады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары