Наурыз мейрамы күндері Шу – Тараз бағыты бойынша қосымша пойыз іске қосылады

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ
Пойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері жолға шығады.

Қазақстанда Наурыз мейрамы күндері Шу – Тараз бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жолаушылар санының артуы мүмкін екеніне байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ №6975/6976 қосымша электр пойызын іске қосады. Ол мереке күндері Шу және Тараз станциялары арасында қатынайды.

Пойыз 21, 22, 23, 28, 29 және 30 наурыз күндері жолға шығып, өңір тұрғындары мен қонақтарына қосымша көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Қозғалыс кестесі:

Шу станциясынан:

  • жөнелуі — 05:00
  • Таразға келуі — 08:41

Тараз станциясынан:

  • жөнелуі — 12:40
  • Шуға келуі — 16:22

Баспасөз қызметінің мәліметінше, электр пойызы екінші және үшінші кластағы төрт вагоннан тұрады. Құрамның жалпы сыйымдылығы – 352 орын.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз