Тікелей эфир

"Наурыз" ипотекасын алу үшін шотта кемі 1 млн теңге болуы керек. Оның "Отаудан" өзге айырмасы қандай

Ипотеканы рәсімдеу үшін шоттың қашан ашылғаны маңызды емес.

1 мамырда іске қосылуы тиіс "Наурыз" ипотекасының бірқатар шарттары белгілі болды, деп хабарды Krisha.kz

Басылымның жазуынша, тұрғын үй бағдарламасының әзірге белгілі шарттары келесідей: 

  • Мөлшерлемесі: әлеуметтік осал топтар үшін 7 пайыз болса, қалған тұрғындар 9 пайызбен алады.
  • Бастапқы жарна 20 пайыздан басталады.
  • Несие мерзімі — 19 жыл.
  • Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында қарыздың шекті сомасы анықталмады. Бірақ "Отаудағыдан" жоғары болуы мүмкін.
  • Қатысушының атында соңғы бес жылда жылжымайтын мүлік болмау керек, отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) де үймен байланысты мәміле жасамауы қажет.

Еске салайық, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ипотекалық бағдарламаның шарттары 1 мамырда ғана жарияланатынын хабарлаған болатын


Оқи отырыңыз: "9-20-25", "7-20-25", "Жас отбасы": 2024 жылы ипотекамен қалай пәтер алуға болады?


Krisha.kz мәліметінше, бұл тұрғын үй бағдарламасымен Астана, Алматы, Шымкент және облыстық маңызы бар қалаларда тек жаңа үйден пәтер қарауға рұқсат беріледі. 

"Наурыз" ипотекасының "Отаудан" екі айырмашылығы бар:

  • Кез келген уақытта ашылған депозитпен үміткер атануға мүмкіндік бар. Алайда шотта кем дегенде 1 млн теңге болуға тиіс.
  • Әлеуметтік осал топқа кіретін тұрғындар 7 пайызбен рәсімдейді.

Сондай-ақ, материалда ипотеканың атауына қатысты да түсініктеме берілген: 

"Биыл банк "Наурыз" бағдарламасына 1 мамырдан өтінім қабылдайды, ал кейінгі жылдары бұл процесс оның атауына сәйкес көктемнің алғашқы күні басталады".

Серіктестер жаңалықтары