Тікелей эфир

Найзағай, тұман, жел: 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Маңғыстау облысының шығысында өрт жоғары қаупі сақталады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады. Соның әсеінен күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Тек күндіз ғана елдің оңтүстігінде, Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте, елдің орталығында тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Түнде Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында 2-3 градус үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының шығысында өрт жоғары қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары