USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Найзағай, бұршақ, дауыл: 15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" 15 маусымға Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін күшейеді. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда аптап ыстық сақталып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанып отыр.

Елордада арагідік жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні кей жерлерде 23-25 метрге дейін күшеймек.

Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысында күндіз ауа температурасы +39 градусқа жетсе, Жетісу өңірінде +38 градусқа дейін ыстық болады. Абай облысында да сынап бағаны 37 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер бірнеше өңірде төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті. Атап айтқанда, Түркістан, Қызылорда, Абай, Алматы облыстарының бірқатар аудандарында, сондай-ақ Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

Алматы қаласы мен Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады.

Мамандар найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, ашық алаңдарда ұзақ болмауға және көліктерді ағаштардың астына қоймауға кеңес береді. Сонымен қатар аптап ыстық кезінде күн астында ұзақ жүрмеу, су қорын көбейту және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз