Тікелей эфир

Мысырда Сұлтан Бейбарыстың мешіті ашылды

Тарихи мешіт бүгінде Каир қаласының ең үлкен мешіттерінің бірі саналады. 

Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында "әз-Заһир Бейбарыс" мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

Қазақстан мен Мысыр мемлекеті үшін тарихи іс-шараға осы елдің уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, көне мұралар бойынша жоғарғы кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Уазири, Мысыр мүфтиі, доктор Шауқи Ибраһим Аллам, әл-Азһар шейхы Ахмет Тайып және ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, сөз сөйледі.

Фото: muftyat.kz

"Каир шаһары – Ислам мәдениеті мен өркениетінің орталығына айналған қала. Міне, осындай мәшһүр қалада Бейбарыс бабамыздың мешіті ел игілігіне беріліп отыр. Мешітті сонау 1266 жылы Бейбарыс сұлтанның өзі салдырған болатын. Мұнарасы құлатылып, әскери казармаға, кейін наубайханаға айналған кезі де болды. Қазақстан Тәуелсіздігін алып, Мысырмен арада дипломатиялық байланыс орнады. Міне, енді жөндеу аяқталып, құлшылық үйі жамағатқа есігін ашқалы отыр. Бұл да болса екі ел арасындағы берік байланыстың нәтижесі деп білеміз",– деді бас мүфти. 

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz 

Салтанатты рәсімде Наурызбай қажы Тағанұлы тарихи мешітте жиырма жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Доктор Хишам Камилдің иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мешіттің азаншысының иығына шапан жапты.

Айта кетейік, тарихи мешіт бүгінде Каир қаласының ең үлкен мешіттерінің бірі саналады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары