Қазақстандық мұсылмандар қажылық міндетін орындау үшін Сауд Арабиясына қажылық сапарға аттанды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қазақстан қажыларының қажылық құлшылығын дұрыс орындауына жағдай жасау мақсатында арнайы Qajy guide мобильді қосымшасын іске қосты.
"Qajy guide қосымшасы қажылық және ұмра өтеушілерге арналған тегін цифрлық көмекші құрал болмақ. Қосымшада виртуалды тур, қажылықты өтеу тәртібі, ұмраны өтеу тәртібі, дұғалар, кітаптар, сұрақ-жауап, діни сөздік, карта, хабарлама, туроператорлар тізімі қамтылған", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 16 туроператорға жалпы саны 5081 қажылық орны бөлінді. Тасымалдау жұмыстары биыл Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтау қалаларынан жүзеге асады. Қазақстандық қажыларға отандық "Air Astana" мен "SCAT", сондай-ақ "Flynas" (Сауд Арабия Корольдігі), "Air Arabia" (БАӘ), "Jazeera" (Кувейт) мен "Turkish Airlines" (Түркия) сынды халықаралық әуе компаниялары қызмет көрсетеді.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ қарыз ақшамен қажылыққа баруға қатысты пікір білдірді