Тікелей эфир

Музейтанушы: Эрмитажда, әлемдік музейлерде тұрған қазақ мұраларын цифрландыру қажет

Бақыт Оразымбетова мұраларды цифрландыру бойынша Өзбекстан тәжірибесінен үлгі алу қажеттігін ұсынды.

Қазақстанда музейлерді цифрландыру мәселесі артта қалып келеді. Осы тұста өзбек халқынан үлгі алуымыз керек, деп мәлімдеді Қазақстанға еңбегі сіңген экскурсия жүргізуші, Қазақстан Республикасы халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі Бақыт Оразымбетова.

"Жуырда Ыстықкөлде Қырғызстан өткізген үлкен археологиялық алаңдағы жиында болдым. Сол жерде мамандар Ресей этнографиялық музейінде қандай мұралар тұрғанына тоқталды. Біз қазір мұраларымыз Эрмитажда тұрғанын айтамыз. Бірақ, оларды цифрландыру үшін не істедік? Бұл тұрғыда Өзбекстан тәжірибесі бізге үлгі болуы тиіс. Олар Ресей музейлерімен ортақ келісім жүргізіп жатыр. Ресей тарапы не көрсетсе де, қалай көрсетсе де, мұраның өзбектікі екені туралы атрибуция болады", – деді Бақыт Оразымбетова.

Әрі қарай экскурсия жүргізуші 2014 жылы Даши Намдаковтың "Көшпенділер. Көк пен жердің арасында" атты көрмесінде қазақ мұрасының дұрыс цифрландырылмағанына өкініш білдіріп, Тәуелсіздік жылдары қорық музейлерін дамытуға жағдай жасалғанына тоқталды. Осы орайда, ол Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында археологиялық парктер салынуы тиіс екенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары