"Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК директор-бас редакторы Мұхтар Шаханов "Жалын" журналын Қазақстан Жазушылар одағының қарамағына өткізді. Бұл туралы "Жалын" журналының жаңа редакторы Құдияр Біләл хабарлады.
"Мұхтар Шаханов өз басшылығындағы “Жалын” журналын Жазушылар Одағы қарамағына өз қалауымен өткізді. Соған орай Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов ағамыздың бұйрығымен “Жалын” журналының Бас редакторы болып тағайындалдым", - деп жазды Құдияр Біләл.
Журналдың Жазушылар одағының қарамағына өтуіне байланысты оның редакциясы Жазушылар одағының ғимаратына орналасқан.
Еске салайық, Жазушылар одағына қарасты ресми басылымдар қатарында "Қазақ әдебиеті" газеті, "Жұлдыз" және "Простор" журналдары бар. Жазушылар одағына Мереке Құлкенов төрағалық етеді.
"Жалын" журналының тарихы 1969 жылдан альманах ретінде шығып тұрған кезеңнен бастау алады.
Оқи отырыңыз: Ақын Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілді