Мұхтар Шаханов "Кеңсай-2" зиратына жерленеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ақынның жаназасы Алматыдағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында оқылады.

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың жаназасы ертең, 21 сәуірде сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында шығарылады. Асы 13:00-де LuxHall банкет залында (Достық даңғылы, 341/1) беріледі. Бұл туралы жазушы Құдияр Біләл хабарлады

Сурет: Жазушылар одағы

Қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов кеше, 19 сәуірде өмірден өтті.

"Мұхтар Шаханов – шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды. Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы да отты пікір айтып, өзіне ғана тән азаматтық биік ұстанымның үлгісін көрсетті. Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өр рухы, әділет жолындағы табандылығы мен елдік мүдде алдындағы адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын", – деп хабарлады Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз