Тікелей эфир

Мұсылман жыл санауы бойынша Мәуліт айы басталды. Ораза ұстау қажет пе

Ал қасиетті Мәуліт мерекесі биыл 14-15 қыркүйекке сәйкес келеді.

Бүгін – хижри күнтізбесі бойынша Мәуліт айының бірінші күні, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандарының діни бірлестігі.

Мәуліт айы Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келген айы. Діни мерекелер күнтізбесіне сәйкес, пайғамбардың туған күні биыл 14-15 қыркүйекпен тұспа-тұс келеді.

Ислам діні бойынша, бұл мерекенің маңызы Мұхаммед пайғамбардың өмірін насихаттау, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және жақсылыққа тәрбиелеуге негізделеді.

Мәуліт айында ораза ұстап, ауыз бекіту міндетті емес. Мұсылмандар үшін ораза міндеттелген ай – Рамазан айы. Есесіне, Мәуліт айында сауапты амалдар жасап, Құран оқу сүннет. 

"Мәуліттегі мақсатымыз Пайғамбарымызды шектен тыс қиял ғажайыптар қосып, тәңірге балап  ұлықтау емес. Мәуліттегі мақсатымыз Оны еске алу. Оның теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әлемге жар салу", – делінген ҚМДБ ресми сайтында. 


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары