Мұрат Нұртілеу министр қызметінен кетіп, президент көмекшісі болды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ол мемлекет басшысына халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы мәселелері бойынша көмек береді.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада. 

Мұрат Нұртілеу 1976 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттамалар қызметінің атташесі, Малайзиядағы Қазақстан елшілігінде қызметкер, Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы, сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау