Өтініштер 6-10 шілде аралығында қабылданады, ал сынақ 10-19 шілдеде болады.
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалау сынағына өтініш қабылдау басталғанын хабарлады. Өтініш 6-10 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Ескерту: бос орындар қалмаған жағдайда өтініш қабылдау мерзімінен бұрын аяқталады.
Ал педагогтың білімін бағалау емтиханы 10-19 шілдеге жоспарланған.
Білім бағалау сынағына келесілер қатыса алады:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
- білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
- қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
- педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (күндізгі бакалавриат, қысқартылған бакалавриат, магистратура);
- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
- педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.
Педагогтің білімін бағалау емтиханы туралы келесі материалдардан толыққанды ақпарат алуға болады:
- Мұғалімдер білім бағалау тестін қалай тапсырады? Маңызды 10 сұраққа жауап
- Мұғалімдер білім бағалау сынағына қалай тегін дайындала алады?
- Мұғалімдердің білімін бағалау: Кімдерге эссе жазбауға рұқсат?