Тікелей эфир

Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 377 мыңға жуық қызмет алды

Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 305,4 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 38,5 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 482 оңалту техникалық құралдарын жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 703 ымдау тілі және 104 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.


Оқи отырыңыз: 2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекті кімдер және қалай алады?


"Әлеуметтік қызметтер порталы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде ашылған.

Серіктестер жаңалықтары