Тікелей эфир

Мүфтият су тасқынынан зардап шеккен 7 отбасыға баспана сыйлады

Сондай-ақ, оларға 100 төсек-орын жабдығы тарту етілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға баспана кілтін табыс етті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайында өткен салтанатты рәсімде Бас мүфти "Зекет және қайырымдылық" қорының "Ел үлесі – пәтерге" жобасы аясында баспаналы болған 7 отбасыны құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

"Бірте-бірте үйін су басқан бауырларымыз жаңа баспаналарына қол жеткізе жатар. Ал біздің бүгін сіздерді құттықтап, қуанышқа ортақтасып келіп жатқан жайымыз бар. Тағы бір ерекше атап өтетіні, осы отбасылар арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен осы айдың басында өткізілген қайырымдылық жәрмеңкесінің нәтижесінде "Қиындықта ел бірге" жобасы аясында Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен көпбалалы отбасыға пәтер беріліп отыр", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Айта кетейік, Дәулет Дүйсенбаевтың отбасына пәтер ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа сатып алынды. Дәулет Дүйсенбаев Арқалық қаласының тұрғыны, өзі Астанада жұмыс істейді және жұбайы Эльмира бес баланың күтімімен үй шаруасында. Сондай-ақ, баспаналы болған жеті отбасыға Әйел-қыздар секторы 100 төсек-орын жабдығын тарту етті. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары