Мопед жүргізушілері назарда: Заң бұзғандар қалай анықталады?

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Мопедтің нөмірі тек артқы жағында болғандықтан, оны тек артқы жағынан түсіретін камералар ғана тіркей алады.

5 сәуірден бастап мопед жүргізушілері үшін жаңа міндеттер күшіне енді. Енді олар жүргізуші куәлігін алып, көлігін міндетті түрде тіркеп, мемлекеттік нөмір тағуы керек. Сонымен қатар, сақтандыру полисін рәсімдеуге, техникалық байқаудан өтуге, салық төлеуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға тиіс.

Алматыда мопедтердің саны азайғаны байқалғанымен, нөмірсіз жүргендер әлі де бар. Осыған байланысты Koleso.kz полиция басқармасынан заң бұзған мопед иелерін қалай анықтайтынын сұрады. 

Полицияның айтуынша, негізгі бақылау "Сергек" бейнебақылау жүйесіне жүктелген. Бұл жүйе мотоцикл нөмірлерін оңай анықтай алады. Алайда мопедтің нөмірі тек артқы жағында болғандықтан, оны тек артқы жағынан түсіретін камералар ғана тіркей алады. Алматыда ондай камералар аз.

Мопед жүргізушілерін тексеру үшін мотобөлімше құрылмайды. Қадағалау жұмыстарын бұрынғыдай арнайы батальонның мотопатрулі жүргізеді. Сонымен қатар, автоматты тіркеу жүйелері де екі дөңгелекті көліктерді кәдімгі автомобиль сияқты бақылайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары