USDUSD: 520.1 / 522.5
  • EUREUR: 600.5 / 605.5
  • RUBRUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайдыв Ақорда.

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сонымен қатар бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары