2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына клиенттері туралы бірқатар мәлімет береді.
Жеке тұлғалардың мобильді аударымдары бойынша өлшемшарттар әзірленіп, "Электронды үкімет" порталында ашық талқылау үшін жарияланды, деп хабарлайлы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операциялардың талабы – жеке тұлға 3 күнтізбелік ай қатарынан банктік шотына ай сайын әртүрлі 100 және одан көп адамдардан ақша қаражаттарын алып отыруы.
Салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік кірістер органдарына келесі мәліметтерді береді:
- 1-кезең. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілгендер және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі;
- 2-кезең. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі;
- 3-кезең. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары бойынша ақпарат беріледі;
- 4-кезең. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған барлық санаты бойынша ақпарат беріледі.
Оқи отырыңыз: Мобильді ақша аударымына салық салына ма? Жиі қойылатын сұрақтарға жауап
2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.
"Бұйрық жобасы жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және салық төлеуден жалтарудың алдын алуға бағытталған", – деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары.
Еске салсақ, Қазақстанда бірнеше санаттағы тұлғалардың жер салығынан босатылатынын хабарлаған едік.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
333
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
310
-
0
-
1
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
281
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
262
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
255
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
249
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
287
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
272
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
307
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
305
-
0
-
0
-