USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мобильді аударымдардға қатысты тексеріс басталды. Кімге айыппұл салынады?

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
115 мың қазақстандықтың аударымы күмән тудырды.

Қазақстанда мобильді аударымдарға жүргізілген тоқсандық талдау нәтижесінде 115 мың азаматтың қаржылық операцияларында құқық бұзушылық белгілері анықталды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Министрдің айтуынша, тек үш айдың ішінде заңсыз аударылған қаражат көлемі 1 триллион теңгеге жеткен. Тексеру жұмыстарына еліміздегі 10 банк тартылып, нәтижесінде 67 мың жеке тұлғаның жалпы сомасы 670 миллиард теңгені құрайтын күмәнді аударымдар жасағаны белгілі болған.

Сондай-ақ шамамен 8 мың бейрезиденттің қаржылық операциялары да бақылауға алынды. Осыған байланысты олардың Қазақстан аумағына кіріп-шығуы кезінде қаражат көздері жөнінде қосымша түсініктеме талап етілуі мүмкін.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, күмәнді деп танылған аударым иелері Мемлекеттік кірістер комитетіне есеп беріп, қаржысының заңды жолмен табылғанын дәлелдеуі қажет. Егер заңдылығы расталмаса, алынған табысқа салық төлеуге міндеттеледі.

Мәди Такиевтің сөзінше, тексерістердің басты мақсаты азаматтарды жазалау емес, қаржы қозғалысының заңдылығын анықтау. Алайда министр такси жүргізушілері мен курьерлер арасында "білмей қалдым, енді ресми режимге көшемін" деген уәждердің жиі айтылатынын жеткізіп, мұндай түсініктемелерді орынсыз сылтау деп бағалады.

Ведомство өкілдері көлеңкелі табыстарды азайту және салық тәртібін күшейту мақсатында бақылау шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз