Михаил Шайдоров Олимпиададағы гала-шоуда өнер көрсетеді. Қайдан көруге болады?

Михаил Шайдоров. Фото: ҰОК
Михаил Шайдоров. Фото: ҰОК
Ол "Кунг-фу Панда" бағдарламасын орындайды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Италияда өтетін Олимпиада ойындарының гала-шоуына қатысады. Бұл туралы Олимпиаданың ресми сайтында хабарланды.

Гала-концерт 21 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталып, 2,5 сағатқа созылады. Шоуға мәнерлеп сырғанаудан аяқталған жарыстардың жүлдегерлері, сондай-ақ командалық сынға қатысқан кейбір спортшылар қатысады. 

Михаил Шайдоров гала-шоуда "Кунг-фу Панда" мультфильмі стиліндегі көрсетілімін орындайды.

"Мен "Кунг-фу Панданы" орындауды жоспарлап отырмын. Бұл олимпиададағы басты мақсаттарымның бірі болды. Өйткені бұл – менің ең сүйікті кейіпкерім. Ол бір жағынан – айдаһар жауынгері, өте мықты, ал екінші жағынан – аңғал, күлкілі әрі тамақ жегенді жақсы көреді. Осындай қасиеттер әрқайсымыздың бойымызда бар деп ойлаймын", – деді спортшы Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Милан мұз аренасында Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, АҚШ, Италия және басқа елдердің танымал спортшылары өз көрсетілімдерін ұсынады. Ал әйелдер арасындағы жеке сырғанаудан кімдер қатысатыны әзірге хабарланған жоқ.

Қазақстандық көрермен гала-концерттің трансляциясын 21 ақпанда сағат 23:55-те Jibek Joly телеарнасынан тамашалай алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз