Михаил Кукушкин Алматыда негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 198-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовтың меселін қайтарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясы

Бірінші партияда Кукушкин 5:0 есебімен алға кетіп, қарсыласына бір гейм ғана берді – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болғаннан кейін Михаил қарқынын үдетті – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.


Оқи отырыңыз: Амир Омарханов ATP 250 Almaty Open турниріндегі тартысты матчта жеңіліп қалды


Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз