Президент оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ғани Бейсамбаев қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің еңбекақысы 30 пайызға өсетінін айтты. Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
"Биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4-сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетді. Оған қоса білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр", – деді министр.
Оқи отырыңыз: "Дөрекі сөйлеп, қоқан-лоқы көрсетеді". Қызылорда облысындағы бір мектептің мұғалімдері басшысына қарсы шықты
Министр Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын да таныстырды. Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, келесі жылы 100 пайызға артады.