18 ақпанда Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші жарыс күні басталды.
Министрліктің мәліметінше, бүгін Қазақстан құрамасынан 11 спортшы төрт спорт түрі бойынша жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
13:45 – Шаңғы жарысы, командалық спринт
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
14:00 – Тау шаңғысы, слалом (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова.
14:00 – Фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас.
17:00 – Фристайл-акробатика, финал (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас (іріктеуден өткен жағдайда).
00:15 – Шорт-трек, 500 метр (ерлер), ширек финал және финал
Қатысушылар: Абзал Әжіғалиев, Деннис Никиша.
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07