Михаил енді Мәди. Аға лейтенант не үшін атын өзгертті?

Арыс қаласының учаскелік инспекторы болашақта балаларының тегі қазақша болғанын қалайды.

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімінің инспекторы Михаил Крокус есімін өзгертіп, ресми түрде Мәди есімін алды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Мәди Крокус. Фото: Polisia.kz

Михаил Леңгір қаласында дүниеге келген, дегенмен 10-11 сыныпты Арыс қаласында оқыған. Ұлты орыс болғанымен, бала кезден қазақтардың ортасында өскен ол қазақ тілін жетік біледі.

Кішкене кезінен отбасы мен ортасында Мәди атанып кеткендіктен, қазақша есім таңдауда көп ойланбапты. Ақыры, ресми түрде Михаил есімінен бас тартып, Мәди есімін еншілеп алған.

Мәди қазір аға лейтенант. Таяуда отбасын құрған. Дүниеге балалары келгенде олардың тегі қазақ есімінен болғанын қалағандықтан да есімін өзгерту туралы шешімге келген.

"Мен болашақта өз балаларыма әкесі ретінде ғана емес, тәртіп сақшысы ретінде де үлгі болуым керек. Отбасымның амандығы, үйдегі жайлылық пен тыныштық мен үшін маңызды. Себебі Отан отбасынан бастау алады", – дейді ол.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары