Прямой эфир Новости спорта

Microsoft Қазақстанда мультиаймақтық хаб ашады

Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтиды.

Microsoft корпорациясы Қазақстан аумағында мультиаймақтық хаб ашады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің және Microsoft-тың Қазақстандағы бас директоры Сергей Лещенкомен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шикізаттық емес технологиялық салалардың өнімдерін өндіру мен экспорттауды ынталандыру арқылы адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтудың драйвері бола алады.

"Қазақстанда Microsoft-тың аймақтық хабының құрылуы маңызға ие. Елдеріңізде тиісті инфрақұрылым бар. Біз қуана-қуана бірлескен жобаларды іске асырып, сіздермен жұмыс істегіміз келеді", – деді Сергей Лещенко.


Оқи отырыңыз: Microsoft барлық өнімдерінде мәтінді қазақ тілінде дыбыстайтын қызметті іске қосты


Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтиды.

 

 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары