METRO AG компаниясы Қазақстандағы қызметін 2027 жылдың наурыз айының соңына дейін тоқтатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның мәлімдемесінде айтылған.
Қазақстандағы компанияның алты дүкені мен жеткізу қызметінің жұмысы кезең-кезеңімен тоқтатылады.
"Мұндай шешім METRO-ның Қазақстандағы бизнесінің ұзақ мерзімді перспективаларына соңғы бірнеше айда жүргізілген мақсатты талдау нәтижесінде қабылданды. Жергілікті команданың компанияның ұсынысын күшейтуге және көтерме сауда моделін Қазақстан нарығының ерекшеліктеріне бейімдеуге бағытталған елеулі күш-жігеріне қарамастан, компания тұрақты өсімге берік негіз қалыптастыруда қиындықтарға тап болды", – делінген хабарламада.
Қазір METRO Қазақстанда 650 адам жұмыс істейді. Компания өтпелі кезеңде қызметкерлеріне қолдау көрсетілетінін және бұл ретте еңбек заңнамасының талаптары сақталатынын мәлімдеді.
METRO Қазақстан нарығына 2009 жылдың қазан айында келген болатын.