Тікелей эфир

Меншік түрі маңызды емес. Шетелдік балалар Қазақстан мектептерінде қалай оқиды?

Оқу-ағарту министрлігі шетелдік балаларды ел мектептеріне қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады.

Ашық НҚА порталында Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесінің жаңа мазмұны қоғам талқысына ұсынылды.

Құжат жобасында бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, шетелдік азаматтар меншік түріне қарамастан, яғни мектеп жекеменшік не мемлекеттік болсын, кез келген балабақша не мектебінде білім алуына рұқсат етіледі. Ал оқу тәртібін білім саласындағы уәкілетті орган (Оқу-ағарту министрлігі – ред.) реттейді. Ереженің бұрынғы нұсқасында бұл тәртіп Қазақстан азаматтары үшін қарастырылған жағдайлармен теңестірілген болатын.


Оқи отырыңыз: Оқулықта қандай қателер болса, баспалар оны түзетіп қайта басады?


Ережеге жаңадан енгізілген 6-тармақта шетелдік азаматтар не азаматтығы жоқ адамдар 16 жасқа дейінгі балаларын Қазақстандағы білім мектептеріне беру үшін өткізуі тиіс құжаттар тізімі берілген:

  • ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 3-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
  • шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар құжаттардың бірін ұсынады:
  • шетелдік – шетелдіктің Қазақстанда тұруға ықтиярхаты;
  • азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
  • босқын – босқын куәлігі;
  • пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
  • қандас – қандас куәлігі.
  • № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, № 026/у-3 нысан;
  • орта білім беру ұйымына оқуға жолдама;
  • баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi;
  • үлгерім табельдері немесе ағымдағы бағалардың анықтама-көшірмесі.     

Оқи отырыңыз: БЖБ және ТЖБ: Мектеп оқушыларының білімі қалай бағаланатынын түсіндіреміз


Құжатқа өзгерістер ҚР Конституциясы, "Білім туралы", "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Босқындар туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" заңдарына және Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары