Тікелей эфир

"Менің атым Қожа" тұңғыш рет Мемлекеттік қуыршақ театрында сахналанады

Одан бөлек, Шарль Перро ертегісі негізінде "Етік киген мысық", Гогольдың "Шинель" шығармасы көрермен назарына ұсынылады.

Алматыдағы қуыршақ театры жөндеуден кейін жаңа қойылымдарды көрерменге ұсынуды жоспарлап отыр. Жаңа премьералар қатарында Шарль Перро ертегісі негізінде "Етік киген мысық", Гогольдың "Шинель" және Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаяты және басқа да қойылымдар бар. Алғашқы қойылымды көрермендер ақпанның соңында тамашалай алады. 

Алматы қаласы мәдениет басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда Мемлекеттік қуыршақ театрын жаңғырту және жөндеу жұмыстары аяқталды. 

"Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады. Жыл сайын шамамен 80 мыңнан астам көрерменді қабылдайтын өнер ордасы бүлдіршіндердің де, ересек азаматтардың да сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Әрине, бұл бізді қуантады. Ғимаратты қалпына келтіру 10 жыл бұрын жүргізілген. Алайда қуыршақ театрының жабдықтары ескірген, ал интерьері жаңартуды қажет етті. Жақында көрермендер өздерінің сүйікті қойылымына қатысып, спектакльдерді жайлы жағдайда тамашалай алады", – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев. 


Оқи отырыңыз: Елордада "Менің атым Қожа" кейіпкеріне ескерткіш орнатылды


Еске салайық, биыл "Менің атым Қожа" шығармасының авторы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Жазушының жүз жылдығы ЮНЕСКО мерейтой даталарының тізіміне енді. Биыл Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылында ескерткіш орнату жоспарланып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары