Тікелей эфир

Мемлекеттік шекаралардағы көлік кептелісі. Жүргізушілерге бағытты өзгерту ұсынылады

Жолдың жабылуына байланысты көлік кептелісі орын алды.

Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектетілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылды.

Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:

  • Қазақстан-Қырғыз учаскесі ("Қарасу" өткізу пункті);
  • Қазақстан-Өзбекстан учаскесі ("Тәжен", "Қазығұрт" өткізу пункттері);
  • Қазақстан-Ресей учаскесінде ("Сырым" өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.

Оқи отырыңыз: “Ауа райы бөгет болды”: Астанада азамат сүйіктісін алып қашпақ болды


Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары