Елдегі әрбір бесінші жалдамалы қызметкердің жалақысы 90 мың теңгеден аспайды.
Сәуірде жүргізілген зерттеуге сәйкес, 45 мың теңгеден аз алатын қызметкерлер саны бір жылда 1,8%-дан 1,2%-ға қысқарды. Барлық жалдамалы қызметкердің төрттен бір бөлігінен көбісі 45 мың мен 105 мың теңге аралығында жалақы алады. Ең көп 36,9%-ының жалақысы – 105 мың мен 210 мың теңге аралығында, деп хабарлайды Finprom.kz сайты.
Тағы төрттен бір бөлікке жуық қызметкер 210 мың мен 390 мың теңге аралығында алса, жалдамалы қызметкерлердің 10,7%-ы 390 мың теңгеден жоғары алады.
Ең көп орташа жалақы келесі жастағы азаматтарда:
- 35-44 жас аралығындағылар – 247,8 мың теңге;
- зейнетақы жасындағыларда – 237,7 мың теңге.
Ал ең аз орташа жалақыны көбінесе 16 және 24 жас аралығындағы қызметкерлердің алатыны белгілі болды – 150,2 мың теңге.
Ең көп жалақысы бар салалар:
- қаржы және сақтандыру саласы – 394,3 мың теңге;
- ғылым, кәсіптік және техникалық сала – 344,6 мың теңге;
- құрылыс – 321,1 мың теңге.
Ең төмен орташа жалақы келесі сала қызметкерлерінде:
- ауыл, орман және балық шаруашылығы салалары – 135,1 мың теңге;
- жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар – 141,8 мың теңге;
- өнер, демалыспен байланысты салалар – 143,5 мың теңге.
Мұнымен қатар, жетекшілер мен мемлекеттік қызметкерлердің айына орташа есеппен 372,1 мың теңге алатыны белгілі болды. Белгілі бір сала мамандары, өндірістік жабдық операторлары, жинаушылар мен жүргізушілердің де жалақысы айтарлықтай жоғары – 258,7 мың теңге.
Ең төмен жалақыны келесі азаматтар алып отыр:
- біліктілігі жоқ мамандар – 87,1 мың теңге;
- сату және қызмет көрсету саласындағылар – 115,4 мың теңге;
- фермерлер, ауыл, орман, балық шаруашылығындағылар – 116,2 мың теңге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️Түркияда жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен Қазақстан азаматының біреуі табылды
-
245
-
0
-
0
-
-
2Қаңтар оқиғасынан кейін халықаралық іздеу салынған Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
-
224
-
0
-
0
-
-
3Түркиядан Қазақстан азаматтарының екінші тобы оралды
-
215
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿🇹🇷Эксподағы Нұр-Әлем шарында Түркия байрағы бейнеленді
-
208
-
1
-
5
-
-
5💰 Жастарға арналған 2,5% несие бағдарламасы наурызда басталады
-
128
-
0
-
1
-
-
6⚡️Бекзат Жүсіпов «Qazcontent» АҚ төрағасы болып тағайындалды
-
105
-
0
-
1
-
-
7💰Үкімет қаулысы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
-
102
-
0
-
1
-
-
8⚡️Қазақстанда «Жастар еңбек жасақтары» құрылады
-
40
-
0
-
0
-