Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысының 1986 жылғы тұрғынына іздеу жариялады.
"Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы, Алға қаласының тумасы. Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. "Sunkar Logistics" ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген", – делінген ҚМА таратқан хабарламада.
Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.
Оқи отырыңыз: Степногорск қаласында мемлекеттік мекеме есепшісі 40 млн теңге жымқырған
Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
+7-701-770-08-65 – іздеу бойынша,
+7-7292-40-36-59 – кезекші бөлім.