Мемлекет және қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді.
Жабайхан Әбділдин 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Ол – философия ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салған ғалым.
Жабайхан Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Оның ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.
Жабайхан Әбділдин "Барыс" ІІ дәрежесімен (2000 ж.), ТМД Парламентаралық ассамблеясының "Достық" медальдарымен ,2022 жылы "Барыс" III дәрежесімен марапатталған.
USD:
517.9 / 520.9
EUR:
605.5 / 610.5
RUB:
6.45 / 6.57