Мемлекет басшысы: Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қасақана бұрмалауға жол беруге болмайды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Президент "Батырларға тағзым" шеруіне қатысты пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парад кезінде Қазақстанның Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге ерекше назар аударғанын айтты. 

"Еліміз бойынша мыңдаған маңызды, ауқымы кең іс-шара өткізіліп жатыр. 500-ге жуық көшеге Қазақстан қаһармандарының есімі берілетін болды. Елімізде қазақстандық майдангерлерге арналған "Батырларға тағзым" атты шеру өтеді. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғысқа қатысушылардың ұрпағы аталарының суреттерін көшелермен алып жүреді. Бүгінгідей жаһандық саясатқа агрессия мен қатыгездіктің жегі құрты дендеп енген кезеңде соғыстың қасіретін еліміздің барша азаматына түсіндіру аса маңызды", – деді мемлекет басшысы. 

Президенттің сөзінше, ақиқатты танымай бейбітшіліктің қадірін білу мүмкін емес. Соғыстың тарихи ақиқатын, Ұлы Жеңістің мән-мағынасын қасақана бұрмалауға жол беруге болмайды. 

"Қазіргі құбылмалы заманда Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау. Сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Қазақ халқы – бейбіт халық. "Жаным – арымның садағасы" деген өр намысты, айбарлы ел", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


Оқи отырыңыз: Соғыс бейбітшіліктің баға жетпес байлық екенін ұғындырды – Тоқаев


 

Серіктестер жаңалықтары