Тікелей эфир

Мемлекет басшысы құрылыс саласы туралы: Азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет

Президент Үкімет құрылыс саласы бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек екенін айтты.

Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

Президенттің айтуынша, қазір құрылыс саласында сараптама жасауды мемлекеттің иелігіне қайтару мәселесі қызу талқыланып жатыр.

"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең басты міндет. Құрылыс сапасына жасалатын бақылауды міндетті түрде күшейту керек. Бұл – анық дүние. Алайда, мемлекет осы нарықты түгел иемденіп алмауы қажет. Шынайы бәсеке болуға тиіс. Үкімет барлық тараптың мүддесін ескеруі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол бұл салада үлескерлік құрылысқа, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына, мүлік иелерінің бірлестігін реформалауға қатысты қордаланған мәселелер бар екендігін айтты.


Оқи отырыңыз: Президент: Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады


"Азаматтар  үнемі шағымданып жатады, алайда құзырлы органдар әлі күнге дейін тиісті шара қолданбай отыр. Үкімет бұл мәселе бойынша жыл соңына дейін нақты шешім қабылдауы керек", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары