Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз, деді президент.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, біз осы мейрамда ең алдымен қиын-қыстау жылдары елімізді аман сақтап, ұрпаққа аса құнды әрі мол мұра қалдырған ата-бабаларымызға тағзым етеміз. 

"Ұстаздарға, дәрігерлерге, мәдениет саласы қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмысшыларға, тәртіп сақшыларына, өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға және адал еңбегімен сүйікті Отанымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша азаматқа алғыс айтамыз. Сондай-ақ жастарға және еріктілерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғам игілігі үшін еңбек етуге әзір, мұқтаж жандарға көмектесуге дайын адамдардың еңбегі ерен. Бұл – Жасампаз әрі Жауапты отаншылдықтың айқын көрінісі", – деді президент. 

Ол еліміз ауқымды әрі тарихи бетбұрыс кезеңіне қадам басатынын атап өтіп, республикалық референдумға шығарылған жаңа халықтық Конституцияның жобасы адам құқықтарын қорғау жүйесін жақсартуға, билік институттарының жауапкершілігін күшейтіп, тиімділігін арттыруға, қастерлі Тәуелсіздігіміз бен Егемендігімізді нығайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Жаңа Ата Заң бәріміз бір ел болып іргесін қалап жатқан жарқын болашаққа жол ашады. Алғыс айту күні ел тағдыры әрбір азаматтың қолында екенін аңғартады. Себебі алдағы өзгерістердің табысты жүзеге асырылуы жұртымыздың бірлігіне, парасаттылығына және саналы азаматтық ұстанымына байланысты екені сөзсіз. Біз Заң мен Тәртіп, тілектестік пен ынтымақ қағидаларын басшылыққа алып, салт-дәстүрімізді сақтай білсек, Қуатты, Әділетті, Таза, Өркендеген Қазақстанды құра аламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз