USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.89 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті

Қазақстан президентінің келуіне орай, оған ерекше құрмет ретінде пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан президентінің келуіне орай, оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды", – делінген хабарламада. 

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" деген мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау