Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
"Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.