USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Президент министрге мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту жөнінде міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Президентке мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз