USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрін қабылдады: елдегі қылмыс саны 9 пайызға азайған

Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Ержан Сәденов Президентке киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдап, елдегі криминогендік ахуал мен ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалу барысын тыңдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Кездесуде ведомство басшысы 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады. Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударып отырған министрлік жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Осының нәтижесінде есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылып, сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер қолға түсті, оның ішінде 89-ы шетелден табылды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ержан Сәденов Президентке киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді.

Бүгінде қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған. Есепті тыңдаған Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар маңызды тапсырма жүктеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз