Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Кездесуде Біріккен ұлттар ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы айтылды.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бұрынғы ,ас хатшысы Пан Ги Мунды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге мемлекеттік сапары аясында Біріккен ұлттар ұйымының 8-ші бас хатшысы, жаһандық жасыл даму институтының (GGGI) төрағасы Пан Ги Мунмен жүздесті.

Кездесуде мемлекет басшысы дамушы елдердің "жасыл экономика" моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен ұлттар ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау