Тікелей эфир

Мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жобасы нәтиже бермеді. Кім кінәлі

2023 жылы мектептер 23,5 млрд теңге қаражатқа қол жеткізе алмаған.

Үкімет басшысының кеңесшісі Бибігүл Асылова Қазақстанның білім беру жүйесінде енгізілген жан басына қарай қаржыландыру жүйесі лайықты нәтиже бермегенін мәлімдеді

2023 жылдың нәтижесі бойынша жалпы оқушы саны 1,99 миллион болатын 1650 қалалық мектепте аталған қаржыландыру жүйесі енгізілген. Алайда өңірлерде оқушылар саны бойынша қаржыландыру көлемін түзетуден күтілетін тиімді нәтижелерге қол жеткізілмеген. 

"Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жасалған ескертулерге қарамастан, жергілікті атқарушы органдар мектептердің тиісті бюджетпен қамтамасыз етіп отырған жоқ. 2023 жылы мектептер тиісті қаражаттың 57 пайызын немесе 23,5 миллиард теңге алмаған", – деді Бибігүл Асылова. 


Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов мектепке айыппұл салу туралы: Директор оны кімнен жинайтыны түсінікті


Оның пікірінше, қаржыландыру нормативтері бойынша қарастырылған қаражаттың азаюына мемлекеттік мекеме формасында қызмет ететін және смета бойынша қаржыландырылатын мектептердің қаржылық дербестігінің болмауы себеп.  

"Көптеген жергілікті атқарушы органдар қолданыстағы сметалық қаржыландыру жүйесін өзгерткісі келмейді. Сондықтан мектептердің қаржылық дербестігін қамтамасыз ету үшін бюджетті бөлетін атқарушы органдарға да, оны алатын мектептерге де жауапкершілік күшейеді. Бұл мектеп қызметтерінің процесін түгелдей цифрландыруды талап етеді", – деді Бибігүл Асылова.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары