Сенат мүшелері президентке мектеп оқушыларының сабақта телефон пайдалануға тыйым салатын білім туралы заң жобасын жолдады.
Заңның негізгі міндеттері – жетім балаларға тәлімгерлік институтын енгізу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының басқару еркіндігін кеңейту.
Заңда орта білім беру ұйымдарында смартфондарды пайдалану ережелерін бекіту қарастырылған. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты екенін, бала мектепке ұялы телефонды әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алатынын түсіндірді.
Сонымен қатар, заң бірінші сыныпқа тестілеусіз қабылдауды, балабақшадағы орындармен қамтамасыз етудің бірыңғай басымдығын қамтамасыз етуді, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, өзін-өзі өлтіруге итермелейтін, діни ағымды насихаттайтын ақпараттың таралуына жол бермеу шараларын қарастырады.
Оқи отырыңыз: "Мектепте бомба бар": Атырауда жалған хабар берген күдікті психиатриялық стационарға жатқызылды
Сондай-ақ, құжат 30 жылдан астам пайдалануға берілген мектептер, балабақшалар мен колледждер ғимараттарының қауіптілігін анықтау үшін бес жыл сайын тексеруді де реттейді.
Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдап, мемлекет басшысына қол қоюға жіберді.