9-сынып оқушылары – төрт емтихан, ал 11-сынып оқушылары бес емтихан тапсыруы тиіс.
Ашық НҚА порталында 2022-2023 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланды. Жобаға сәйкес, барлық мектепте сабақтар 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады.
Бітіру емтихандары:
- 9 (10) сыныптарда қорытынды бітіру емтихандары – 2-13 маусым аралығында;
- 11 (12) сыныптарда мемлекеттік бітіру емтихандары – 5-19 маусым аралығында өтеді.
Оқи отырыңыз:
- 2023-2024 оқу жылынан бастап 5-8, 10 сынып оқушылары "Қазақ тілінен" міндетті емтихан тапсырады
- Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
9 (10)-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мерзімі:
- ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
- математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
- орыс/ өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
Оқи отырыңыз: Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады: Оқушылар жазда неше күн демалады?
11 (12) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау мерзімі:
- ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
- алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
- орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.
Бұйрық жобасы мектептерде 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау, 9 (10), 11 (12) сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында әзірленді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
336
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
287
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
295
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
285
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
295
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
263
-
0
-
1
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
252
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
255
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
250
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
259
-
0
-
0
-