Тікелей эфир

Мектеп әжетханасында дәретхана қағазының болуы министр бұйрығымен бекітіледі

Ата-аналардан әжетханада қағаздың және кабиналарда есіктің болмауына қатысты көп шағым түскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитеті мектеп әжетханаларына қойылатын бірқатар жаңа талапты заңмен бекітуді жоспарлап отыр.

Бұл талаптар ата-аналардың түскен арыз-шағымдардың негізінде және премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың тапсырмасына орай енгізілмек.

Атап айтқанда, енді мектеп әжетханасында дәретхана қағазы мен оған арналған ұстағыштың болуы, сондай-ақ әжетхана кабиналарында есіктің болуы міндеттеледі. 

Санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитетінің түсіндіруінше, бұл талаптар жаңа емес, бірақ бұрынғы талаптарды нақтылау мақсатында әзірленген. Оларды әзірлеуде ДДСҰ елдерінің санитариясы мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарының талаптары ескерілген. 

Сәйкесінше, бұған дейін "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында нақты талаптар болмағандықтан, көптеген мектепте дәретханада әжетхана қағазы қойылмай келген.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының 50-ге жуық мектебінде ішкі әжетхана жоқ. Министр уәдесі неге орындалмады


Ашық НҚА порталында құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 27 қазанға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары