"Медеуге 10 минутта жете алады". Қазақстанда аэротакси жобасы таныстырылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алатауда квадропорттар салынып, аэротакси жүйесі енгізіледі.

Алматы мен Алатау қаласының арасында сағатына 350 км жылдамдықпен аэротакси ұшады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, жоба аясында арнайы квадропорттар салынып, олардан Алматыға және негізгі туристік бағыттарға ұшуға мүмкіндік беріледі. Қазіргі уақытта Алатау мен Алматы арасындағы маршруттар, ұшу биіктігі мен жиілігі пысықталып жатыр.

"Әуе кеңістігінде басқа ұшақтар мен құстар бар, сондықтан қауіпсіздік мәселелері толық ескеріледі", – деді Бозымбаев.

Вице-премьердің айтуынша, аэротакси билеттері онлайн режимде сатылады. Жолаушылар әуежайдан шыққан соң бірден жақын алаңға барып, аэротаксимен қалаға жете алады.

Жоспар бойынша, аэротаксилардың жылдамдығы сағатына 320–340 шақырымды құрайды. Бұл арқылы жолаушылар Медеу аймағына небәрі 10–12 минутта жете алады.

Қазіргі таңда аэротакси өндіруші Joby Aviation және AutoFlight компанияларымен келісімдер жасалған. Алғашқы кезеңде 10 аэротакси сатып алу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз