Мәжіліс мүгедектігі бар адамдарды партия тізіміне қосу туралы заң жобасын мақұлдады

Заң жобасы әйелдер, 29 жасқа толмаған адамдар және мүгедек азаматтарды Мәжіліске депутаттық мандаттарды бөлу кезінде есепке алуды көздейді.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.

Аталған заң жобасының мақсаты – биліктің өкілді тармағында әйел және жастар, сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың да қатысуын қамтамасыз ету, пікірін ескеру, оларды мемлекеттің тыныс-тіршілігінде белсенді жұмысқа тарту.

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасы әзірленді. Конституциялық заң жобасы әйелдер, 29 жасқа толмаған адамдар және мүгедек азаматтар үшін 30% квотадан басқа, оларды парламент мәжілісінде депутаттық мандаттарды бөлу кезінде есепке алу қажеттілігін бекітуді көздейді", – деді Қанат Мусин.


Оқи отырыңыз: Сегіз ел БҰҰ Бас ассамблеясында дауыс беру құқығынан айырылды


Әділет министрі ұсынылып отырған конституциялық заң жобасы нысаналы топтармен әртүрлі алаңда қаралғанын айтты. 

"Бұл түзетулер әйел, жастар, ерекше қажеттілігі бар адамдардың еліміздің заң шығару органында өкілдігін кеңейту үшін маңызды қадам болып саналатынын атап өткен жөн. Бұл заңдардың сапасына сөзсіз әсер етеді", – деді Қанат Мусин.

Еске салсақ, мәжіліс депутатының Қазақстанда "ана капиталын" енгізуді ұсынғаны туралы хабарлаған едік. Ерлан Саировтың ойынша, оны "Қазақстан халқына" қоры аясында жүзеге асыруға болады.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары